Қырғызстандағы сайлау
Атамбаев билікте қандай істерімен есте қалды?
15 қазанда Қырғызстан президенті анықталады
Атамбаев - тәуелсіз Қырғызстанның төртінші президенті
"Әділ" әрі "адал" президент. Таяудағы даулы мәлімдемесінде Алмазбек Атамбаев өзін осылай атаған болатын. 1 желтоқсанда Қырғыз Республикасының президенті орнын босатады. Ал жалпылай алғанда Атамбаевтың тағдыры жексенбіде, 15 қазанда шешіледі. Атамбаевтың қолдауына ие Қырғыз Республикасының президенттігіне үміткер Сооронбай Жээнбеков бұл орын үшін оппозициялық саясаткер Омурбек Бабановпен таласады. Былтыр көрші елде референдум өтіп, оның қорытындысы бойынша Қырғызстан конституциясына премьер-министр мен парламенттік коалицияның өкілеттігін күшейтетін өзгерістер енгізілген еді. Енді Атамбаевтың орнын басатын ел басшысы парламентпен ортақ тіл табуы тиіс.

Tengrinews.kz сарапшылармен бірге тәуелсіз Қырғыз Республикасының төртінші президенті несімен есте қалғанын, айтқан даулы пікірлері мен қызметі қандай жеміс бергенін еске түсіреді.
Атамбаевтың өмірбаяны
1980 жыл
1980 жыл
Білімі
1980 жыл Мәскеу басқарма институты (қазіргі Мемлекеттік басқарма университеті), "инженер-экономист, өндірісті басқаруды ұйымдастырушы" мамандығы.
1980 жыл
1980 жыл
Еңбек жолы
Қырғыз КСР Байланыс министрлігінде инженер
1981 - 1983 жылдар
1981 - 1983 жылдар
Сол кездегі Фрунзе қаласының № 4 Жол-эксплуатациялық аумағының Бас инженері (қазіргі Бішкек)
1983 - 1987 жылдар
1983 - 1987 жылдар
Қырғыз КСР Жоғарғы кеңес Президиумында түрлі қызметте істеді
1987 - 1989 жылдар
1987 - 1989 жылдар
Фрунзе қаласы Первомай аудандық орындау комитеті төрағасының орынбасары.
1989 - 1997 жылдар
1989 - 1997 жылдар
"Форум" ғылыми-өндірістік фирмасының директоры.
1993 жыл
1993 жыл
Атамбаев Қырғызстанның социал-демократиялық партиясын құру бастамасын көтергендердің бірі және 2011 жылдың желтоқсанына дейін оның төрағасы болды.
1997 - 1999 жылдар
1997 - 1999 жылдар
"Кыргызавтомаш"АҚ-ның бас директоры
1999 - 2004 жылдар
1999 - 2004 жылдар
"Форум" өндірістік тобы директорлар кеңесінің төрағасы
2004 - 2005 жылдар
2004 - 2005 жылдар
"Кыргызавтомаш" корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы
2005 - 2006 жылдар
2005 - 2006 жылдар
Министрдің міндетін атқарушы, Қырғызстанның экономикалық, өндіріс және сауданы даму министрі.
2006 - 2007 жылдар
2006 - 2007 жылдар
Қырғызстанның премьер-министрі.
2007 жыл
2007 жыл
Қоғамдық-саяси белсенді қызмет атқара бастады.
2009 жылдың сәуірі
2009 жылдың сәуірі
Бірқатар саяси партия президент сайлауында оппозиция атынан Социал-демократиялық партияның төрағасы Алмазбек Атамбаевты бірауыздан үміткер ретінде ұсынды.
2009 жылдың қыркүйегі
2009 жылдың қыркүйегі
Оппозициялық халықтық қозғалыс бірлестігінің төрағасы болып сайланды.
2010 жылдың сәуір-маусымы
2010 жылдың сәуір-маусымы
Қырғызстанның уақытша үкіметі төрағасының бірінші орынбасары.
2010 жылдың қараша-желтоқсаны
2010 жылдың қараша-желтоқсаны
Жогарку Кенеш депутаты, ҚСДП фракциясының көшбасшысы.
2010 жылдың 20 желтоқсаны
2010 жылдың 20 желтоқсаны
Қырғызстанның премьер-министрі.
2011 жылдың 30 қазаны
2011 жылдың 30 қазаны
Қырғызстан президенті
Қырғызстанның орталық сайлау комитеті
Қырғызстанның сол кездегі премьер-министрі Алмазбек Атамбаев 1 161 929 сайлаушының, немесе 62,52 пайыз дауыс жинаған.
2011 жылдың 1 желтоқсанында Бішкекте Қырғызстанның жаңа президентін ресми ұлықтау салтанаты өтті. Бұл жиынға 30-ға жуық лауазымды тұлға жиналды.

Олардың арасында Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Грузия президенті Михаил Саакашвили, Тәжікстанның премьер-министрі Акил Акилов, ҰЫҰ, ОБСЕ сияқты ұйымдардың жетекшілері. Салтанат ресми хаттама бойынша өтті, оған тек бір өзгеріс енгізілді. Ұлықтау рәсімінің бастауында бұрынғы президент Роза Отунбаева сөз сөйледі.

"Біз әлемдік қоғамдастыққа өз жолымызды өзіміз таңдай алатынымызды көрсеттік. Біз мемлекеттің тұтастығын сақтап қала алдық және бүгін билікті беру бойынша жаңа саяси мәдениеттің негізін қалап отырмыз. Бұл дәстүр елімізде сақталып қалады деген сенімдемін. Мен, Алмазбек Атамбаев адал да, әділ басшы болады деп сенемін", - деп атап өткен еді Отунбаева.

Осыдан кейін Атамбаев халыққа адал болатыны туралы ант етіп, оның кеудесіне алқа тағылды. Бұл жолғы алқаның еш артықшылықсыз, қарапайым болғанын айта кетейік - ешқандай гауһартассыз, тек отандық алтын мен күміс және Мемлекеттік штандарт. Атамбаевтың құрметіне Қырғызстан гимні орындалғанда зеңбіректерден оқ атылды. Бұл ұлықтау рәсіміне бюджеттен 200 мың доллар жұмсалған екен. Бұл елдің екінші президенті Құрманбек Бакиевтің ұлықтау рәсіміне жұмсалған қаражаттың тең жартысы.

Сарапшы пікірі
2011 жылдың 1 желтоқсанында Атамбаев Қырғызстан президенті болды. Оның билік басына келуі үлкен үміт арқалатты. Атамбаевтың қолдауы мықты болып, ол бірінші турда-ақ сайланды.

Атамбаев президент болған уақыттың алғашқы бөлігі жағымды болатын. Экономика өсіп, 2014 жылы шырқауына жетті. 2015 жылдан экономика құлдырай бастады. Осылайша 2016 жылы Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі 2012 жылғымен салыстырғанда төмен болып қалды.
Атамбаевтың билігі кезіндегі
Қырғызстанның ЖІӨ
$ 6,605 млрд.
2012 жыл
$ 7,335 млрд.
2013 жыл
$ 7,468 млрд.
2014 жыл
$ 6,678 млрд.
2015 жыл
2016 год
$ 6,551 миллиард доллар
Жақсылық Сәбитов
Жақсылық Сәбитов ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы.
"Мұндай нашар экономикалық жағдайда Атамбаев биліктің рейтингін көтеретін "сөздік интервенция" жасауы керек еді. Бұрынғы жақтастарының көбімен керісіп қалды және өзіне сын айтушалырды қудалауды қолға алды. Қудалауға ұшырағандар арасында құқыққорғаушылар, журналистер мен оппозициялық саясаткерлер болды".
2016-2017 Қырғызстанның "саяси реакция" жылдары болды. 2016 жылдың 31 тамызында Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына Атамбаев бұрынғы жақтастарына тіл тигізе бастады, оның ішінде Роза Отунбаеваға да. Атамбаев оны жалған президент ол үшін ешкім дауыс бермеген деп, одан кейін ол халықты текенің артынан отарға теңеді, Бұл оның Омурбек Текебаевтың аты-жөнін ойнатып айтқаны. "Ата-Мекен" партиясының көшбасшысы Омурбек Текебаев 2017 жылы жемқорлық айыбы бойынша ұсталған. Көшілік сарапшы бұл оқиғаны Атамбаев пен Текебаевтың арасындағы текетірестің шиеленісіп кетуімен байланыстырды.
Жақсылық Сәбитов
"Кейін Атамбаев өзін тыюды мүлде доғарып, қарсыластарын "сасық саясаткерлер", "жала жабушылар", "моральдық кемістер", "бірінің етін бірі жейтіндер", "мәңгүрттер" және тағы сол сияқты атаулардан тайынбады. Мұндай кемсітулер Жогорку Кенеш депутаттарының Қырғызстанның Бас прокуратурасына Атамбаевтың айтқанына құқықтық баға беру туралы арыз беріп, президентті психиатриялық тексеруден өткізуді талап етуге дейін апарды".
Жақсылық Сәбитов
Халықаралық қатынас
"Салдарынан Атамбаевтың басқарған уақыты Қырғызстан экономикасы 2012-2016 жылдары құлдырағанымен есте қалды. Осы жерден Атамбаевтың Қазақстанға қарата кері сөздер неге айтылғанының себебін таба аламыз. Атамбаев қазіргі Қазақстан туралы төрт рет жағымсыз сөздер айтқан".
Жақсылық Сәбитов
«Алкивиадтің өлімі» (шамамен 1839),
Мишель де Наполи
(1808-1892)
Неаполь ұлттық археологиялық музейі
Халықтың назарын осындайға бұру - насихаттық тәсілдің ескі түрі, оны қазіргі политехнологтар торнадо-спин (қоғамдық мүддені басқа жаққа бұру) деп атайды, ал ежелгі гректер "Аливкид итінің құйрығы" деп атаған.

Аңыз бойынша афиналық саясаткер Аливкид ұзақ уақыт сынға ұшырап жүрген, осыдан кейін ол сынаушылардың назарын басқа жаққа бұрмақ болады. Осылайша ол мынадай сөздер айтқан дейді: "Афиналықтарға ары қарай үкімет әрекетін сынатқызу қауіпті. Көтерілген тобырдың назарын басқа арнаға бұру керек". Сөйтіп, осындай тәсіл табылады. Аливкид ел алдында тұрып өз итінің құйрығын шауып тастайды. Осыдан кейін гуілдеген әңгімелер Аливкидтің жемқорлығы емес, "Аливкид итінің құйрығы" туралы болады. 7 қазандағы қатты айтылған сөздер - өз кемістігінен назарды өзге жаққа бұру талпынысы.

"Үкімет басына балама үміткердің келуі Атамбаевтың жеке басына қауіпті болып отыр".

Сайлау науқаны алдында экономикалық фактордың маңызы артып отыр. Бұл фактордың маңызын төмендету үшін Қырғызстан сайлауына сырттан араласу болады деген фантом қауіп айтылады.

Сонымен қатар, Атамбаевтың бұл демаршы "қазақ олигархтарының" қолшоқпары деген таңба тағылып жүрген Омурбек Бабановты басуға бағытталған әрі Қырғызстанға ғана қатысы бар ішкі саяси оқиғалар ғана. Бұл тәсілді қолдану Атамбаев ұсынған үміткер жеңіске жетеді деген сенімнің жоғын білдіреді.

Омурбек Бабанов
REUTERS/Vladimir Pirogov
"Жалпылай айтқанда өзіңді жарнамалаудың бұл түрінің салдары да бар. Өз үміткерінің жеңісі үшін Атамбаев Қырғызстанның мүдесін бәйгеге тігіп, екіжақты қарым-қатынастың салқындауына әкеп соғады. Оның үстіне Атамбаевтың бұл ойыны Қырғызстан халқына еш пайда бермейді, тек жеке өзіне аз уақытқа басымдық береді.
Мұндай өзімшілдік әрекет қазақ-қырғыз қатынасы үшін орынсыз. Кез келген елде өз көршілерімен ұзақ мерзімді прагматикалық қарым-қатынас бағдары болуы керек. Сондықтан 2017 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасы таза парақтан жазылады деген үміттемін".
Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді
Made on
Tilda